ГлавнаяБлог

Қарашада өтетін іс-шаралар топтамасы

Күздің соңғы айында ұйымдастырылатын іс-шаралар топтамасын жасадық

Қарашада еліміздің ірі қалаларында қандай концерт, фестиваль, жәрмеңке, көрме болатынын тізіп шықтық. Көңіліңізге жаққанын белгілеп алып, уақытыңызды тиімді өткізіңіз!

Концерт

Марсель ән айтады

4 қарашада «Музкафе» сахнасына көпшілік сұранысы бойынша Марсель шығады. Қонақтар авторлық репертуардағы хитке айналған әндерді тыңдайды.

Өтетін орны: Алматы, Абай даңғылы, 117, Жасыл зал

Уақыты: 21:00

Жас шектеуі: 12+

Бағасы: 10 000 тг

Билет сатып алған соң сонда көрсетілген контактіге хабарласып, орын броньдау керек.

«Музыка из лучших сериалов» концерті

5 қарашада елордалық BN Team тобының концерті болады. Бұл – симфониялық оркестр. Бағдарламада «Игра престолов», «Ход королевы», «Игра в кальмара», «Бумажный дом», «Бриджертоны» және түріктің «Сүлеймен Сұлтан» и «Шексіз сезім» сериалдарының басты саундтректері бар.

Өтетін орны: Алматы, Almaty Theatre, әл-Фараби даңғылы, 30

Уақыты: 19:00

Бағасы: 5 000-18 000 тг

Qonyratbay fam тобының музыка кеші

5 қарашада Шымкентте отандық Qonyratbay fam инди-тобының акустикалық музыка кеші өтеді.

Өтетін орны: Шымкент, Kiizspace арт кеңістігі, Абай даңғылы, 29 А.

Уақыты: 19:00

Бағасы: 6 000 тг

Bakr жеке концерт береді

Астана мен Алматыда Қырғызстанның таланты әншісі концерт өткізеді. Артист «Ойлорумда» деген трек арқылы танымал болды. Оның «Расстояние» деген трегі Shazam әлем чартына түсті және шыққаннан соң бірнеше күн ішінде Азияның барлық чартында көш бастады.

Астанадағы концертіне Райм мен Адам арнайы қонақ болады.

Астанадағы өтетін орны: ҚР Тұңғыш президенті музейі, Бөкейханов көшесі, 1А

Уақыты: 4 қараша, 19:30

Бағасы: 10 000

Алматыдағы өтетін орны: Балуан Шолақ сарайы, Абай даңғылы, 44

Уақыты: 6 қараша, 19:30

Бағасы: 10 000

МузАРТ концертке шақырады

8 қарашада МузАРТ тобы концерт береді. Топтың әндерін сағынған тыңдарман үшін билет алуға әлі уақыт бар.

Өтетін орны: Алматы, Республика сарайы, Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы.

Уақыты: 16:00

Бағасы: 5 000-15 000

Алматыға Рассел Тейлор келеді

9 қарашада АҚШ-тан шыққан вокалист Рассел Тейлор елімізде бір күн ғана өнер көрсетеді. Ол Айзеком Хейз, Патти ЛаБелль сияқты аңыз музыканттармен және Мэри Джей Блайдж, Джилл Скотт, Индия Ари сияқты танымал орындаушылармен бірге өнер көрсеткен. «Let me love U» деген хит әні 2009 жылы ең көп тыңдалғандар ішінде көп бастап тұрды.

Өтетін орны: Алматы, Абай даңғылы, 117, Музкафе, Жасыл зал,

Уақыты: 21:00

Бағасы: 10 000

«Состояние Танго» музыка спектаклі

24 қарашада «Состояние Танго» спектаклі қойылады. Бұл жобаны танымал «Счастливые Поют» және «Зовите Меня Джордж» қойылымдарын жасағандар ұсынады. Бұл жолы команда жеке бір адам феноменіне емес, жалпылай музыка дәстүріне мән береді. Музыканың бұл түрі бәріне таныс бола тұра құпия. Қойылымда Айсұлу Әзімбаева мен Шыңғыс Қапин ойнайды.

Өтетін орны: Алматы, М.Ю.Лермонтов атындағы театр, Абай даңғылы, 43

Уақыты: 20:00

Бағасы: 8 000-18 000 тг.

TODES балеті шоу жасайды

26 қарашада Алматыда TODES балеті өнер көрсетеді. 35 жылдан бері балеттің көркемдік жетекшісі Алла Духова өз бишілерін — нағыз жұлдызға, ал балетті керемет шоуға айналдырып келеді. Балет өзінің жеке трендтерін шығарса, ол би бүкіл әлем бойынша таралып кетеді. Бұл жолы топ осы уақыт ішіндегі ең үздік сахналарын қояды.

Өтетін орны: Алматы, Жолдасбеков атындағы студент сарайы, әл-Фараби даңғылы., 71/24

Уақыты: 20:00

Бағасы: 6 000 теңгеден бастап

Фестиваль/жәрмеңке/форум

Кітап FEST KIDS фестивалі

5 қарашада жыл сайынғы KITAP FEST KIDS кітап фестивалі өтеді. Дәстүрлі шарада оқырман қаладағы кітап дүкендері мен баспа кітаптарын жеңілдікпен сатып алып, кітап алмасу іс-шарасына қатыса алады. Оған қоса, келушілерді белгілі қаламгерлермен, қоғам белсенділерімен кездесу, шеберлік сағаттары, қойылымдар күтеді. Фестивальдің ең жас қонақтарына көңілді шоу-бағдарламалар, байқаулар мен сүйікті қаһармандарымен кездесу ұйымдастырылады.

Өтетін орны: FORUM ойын-сауық орталығы

Уақыты: сағат 10:00

(Айта кетейік, фестивальге 2014-2021 жыл ішінде 10 мыңнан астам адам барған).

Fresh Day тағам фестивалі

5 қарашада Airba Fresh компаниясы ресми ашылуының құрметіне орай тағам фестивалін өткізеді. Онда қонақтар дәмді кофе, глинтвейн ішіп, серіктестер тағамынан дәм татады. Оған қоса, ұтыс ойындарына қатысып, бағалы сыйлық алуға мүмкіндігі бар. Іс-шарада балаларға арналған бағдарламалар мен шеберлік сағаттары болады. Нутрицологтар сөз сөйлейді, келушілерді бас аспаздар бағдарламасы күтеді.

Өтетін орны: Алматы, Тимирязев көшесі, 42, 7А павильоны аймағы

Уақыты: 11:00

Бағасы: Тегін

«Цифровая осень: Состояния» виртуал шындық фестивалі

6 қарашаға дейін «Цифровая осень: Состояния» виртуал шындық фестивалі өтеді. Іс-шарада француз авторлары бастамасымен бірлесіп жасалған 9 әсерлі туынды ұсынылады. Бұл жұмыстардың кейбірі Tribeca және Venice VR сияқты әртүрлі беделді фестивальде көрсетілді. Медиаторлар келушілерге VR жабдығымен жұмыс істеуге көмектеседі.

Өтетін орны: Аматы, SmArt.Point, Байзақов көшесі, 280

Уақыты: 12:00-22:00

Бағасы: 3 000-4 000 тг

HANBOK FASHION SHOW

12 қарашада Корея мәдениет орталығы «HANBOK FASHION SHOW» кешіне шақырады. Онда көрерменге кәрістердің бірегей дәстүрлі киімі «ханбок» ұсынылады.

Өтетін уақыты: Астана, Қуанышбаев атындағы театр, Қуанышбаев көшесі, 8/1

Уақыты: 17:00

Бағасы: Тегін

Жас шектеуі: 7+

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі

13 қарашаға дейін әр сенбі-жексенбі өтеді. Аймақтардан 70 ауылшаруашылық кәсіпорны 235 тонна өнім ұсынады.

Өтетін орны: Астана, «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аймақ

Жұмыс істеу режимі: 8:00-17:00

Оған қоса, Астананың екі ауданында демалыс күндері жәрмеңке өтеді. Мына жерлерде:

* Есіл ауданында – Сауран көшесі, 7, сенбі-жексенбі күндері.

* Алматы ауданында – Жүргенов көшесі, 27, сенбі-жексенбі күндері.

NAIZA Sport Week апталығы өтеді

21-25 қараша күндері Ақтөбеде Sport Week апталығы өтеді. Бір апта бойы қала тұрғындары түрлі спорт іс-шарасының куәсі болады.

NAIZA Sport Week апталығының іс-шаралар жоспары:

  • 21 қараша. 5Q Forum – әр сала мамандарының қатысуымен форум;
  • 22 қараша. Спорт жұлдыздарының қатысуымен шеберлік-сағаттары;
  • 23 қараша. Қазақстанның үздік әрі танымал спортшыларының қатысуымен өтетін грэпплингтен Гран-при турнирі;
  • 24 қараша. Big Som, DOMA-DOMA командасы және отандық ММА жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Батыр бол» ойыны;
  • 25 қараша. Аралас жекпе-жектен NAIZA 48 турнирі.

Көрмелер

1 қарашаға дейін – «Қазақ деген халықтың еркесімін!» көрмесі

Өтетін орны: Алматы музейі, Қабанбай батыр, 132

Бағасы: 200-500 тг

4 қарашаға дейін – «В объятиях творчество» көрмесі

Өтетін орны: Ұлар галереясы, Панфилов көшесі, 92

Бағасы: Тегін

5 қарашаға дейін – Sound Off көрмесі

Өтетін орны: Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Бағасы: 200-500 тг

6 қарашаға дейін – Дыбыс өнері мен жаңа музыка биенналесі

Өтетін орны: Қастаеев атындағы өнер музейі, Көктем-3, 22/1

Бағасы: 200-500 тг

6 қарашаға дейін – «Калмыков. Последний приют» көрмесі

Өтетін орны: Қастаеев атындағы өнер музейі, Көктем-3, 22/1

Бағасы: 200-500 тг

2-14 қараша – «Эхо веков» көрмесі

Өтетін орны: Қастаеев атындағы өнер музейі, Көктем-3, 22/1

Бағасы: 200-500 тг

6 қарашаға дейін – «Душа моя» фотокөрмесі

Өтетін орны: Vekarta галереясы, Сәтпаев көшесі, 30/5, 3-корпус

Бағасы: 1 500-1 700 тг

19 қарашаға дейін – «Кездесу. Бақытжан Әбішевтің әлемі» көрмесі

Өтетін орны: Қастаеев атындағы өнер музейі, Көктем-3, 22/1

Бағасы: 200-500 тг

24 қарашаға дейін – SÚR-AQ көрмесі

Өтетін орны: Қастаеев атындағы өнер музейі, Көктем-3, 22/1

Бағасы: 200-500 тг

«We Are The World» халықаралық балалар суреттері көрмесі

13 қарашада Астанада «We Are The World» халықаралық балалар суреттері көрмесі ашылады. Жобаның мақсаты – жас таланттарды тарту және қолдау, олардың шығармашылық іс-шараға жинау. Жоба елдер арасындағы мәдниетті өнер арқылы нығайтуға арналған. Көрмеге Францияның мәдени дипломатия қауымдастығы президенті Стефани Гаспард қатысады.

Өтетін орны: Астана опера театры, Қонаев көшесі, 1

Уақыты: 15:00

Бағасы: Тегін

Басты фото: Несси Гилева