ГлавнаяБлог

22 жастағы репетитор. Математиканы оқу не үшін керек?

Евгений Солоницын – қазір репетитор. Оқушыларды Республикалық физика-математика мектебіне дайындайды. Ол балаларды оқытып жүріп онлайн білімге сұраныс көп екенін біліп, 2022 жылғы жазда DAR компаниясы ұйымдастырған “Біліміңе монетизация жаса” деген байқауға қатысты. Сөйтіп тригонометрия туралы курс жазуға грант жеңіп алды. Евгений өз жолы педагогика екенін біліп, дағдысы мен білімінен қалай ақша таба бастағанын айтып берді.

Карьера қалай басталды?

Өзім математика лицейінде оқыдым. Математиканы мектеп кезінен жақсы білемін. Дегенмен университетке түсерде бұл мамандықты емес, радиотехниканы таңдадым. Өйткені сәл байыптырақ әрі техникалық мамандық таңдау керек деп ойладым. 

1-курс оқып жүргенімде анам репетитор болып көр деді. Бірінші сабағымды өткізгенде оқытушы болып жүріп ақша табуға болады екен дедім. Сөйтіп 3-курста “Ваш репетитор” платформасына тіркелдім. 

Математика мен физикадан сабақ өте бастадым. Тәжірибем жоқ еді. Сосын карантин басталып, бәрі қашықтан білім алуға көшті. Біз де университетте қашықтан оқыдық. Бір оқытушымыз “Зум” арқылы сабағын өте сапалы өткенін көріп, мен де жеке сабағымды онлайн өткізіп көрейін дедім. 

Мен онлайн сабақ өте бастағандардың алғашқысы болыппын, содан оқушылар көптеп жазылды. 

Оған қоса, Республикалық физика-математика мектебіне (РФММ) түсуге дайындап жүріп, физмат мектебі жүйесін түсіне бастадым. Бұл жүйе тым күрделі болып шықты, егжей-тегжейі көп. Дегенмен емтихан құрылымын зерттеп, оқушылармен бірге көптеген тест шешіп, ынтасы бар балалармен жұмыс істеу аса қызық екенін білдім.  

Репетиторлықтан педагогикаға көшу

Уақыт өте келе репетитор болғаннан рахат ала бастадым, мені сабақ беруге алатын ақы ғана қызықтырған жоқ. Университетте бізді оқыту сапасы нашарлап, мамандығым бойынша жұмыс істегім келмейтінін ұқтым. Сол мамандықпен бір компанияға жұмысқа тұрғаннан гөрі, репетитор болып жүру кірісімді арттыратыны анық еді. Оған қоса, интроверт екенімді ескерсем, маған оқушылармен ғана қалып жұмыс істеген жеңілірек. 

Төртінші курсты бітірген соң математикамен айналысқым келетінін түсіндім де, осы мамандық бойынша магистратураға түстім. Ақыры соңында физмат мектебіне түскісі келетін балаларды ғана қалдырдым. Оларға олимпиадаға дайындалуға көмектесемін. 

11 оқушымның 8-і РФММ-ға түсті. Ондағы байқау бойынша бір орынға 100 адам келеді. 

Жарты жылдан соң магистратура бітірем, сосын №134 физика-математика мектебінде жұмыс істеймін деп отырмын. Оқыту ақша табу көзінен маған ұнайтын жұмысқа айналды. Сонымен қатар маған оқушыларға техникалық салада болашақ мамандығын табуға көмектескен ұнайды. 

Алғашқы онлайн-курс

2022 жылғы жазда DAR “Біліміңді монетизация жаса” деген білім контентіне байқау жариялағанын естідім. Оған қатысу үшін тригонометрия тақырыбын таңдадым. Өйткені бұл – математика бағыттарының ішіндегі ең оқшауланған бағыт. Менің тригонометрия курсым бұл тақырыпты мүлдем білмейтіндерге және бәрін еске түсіргісі келетіндер мен математиканы тереңірек үйренгісі келетіндерге арналған. 

Курста тақырыпты аналогиясы бар қарапайым тілмен түсіндіріп, бір тапсырманы түрлі тәсілмен шығаруды үйретуге тырыстым. Курс ҰБТ-ға дайындалу үшін, математикадан емтиханға дайындалу үшін және мектеп бағдарлмасын түсіну үшін керек. Ол математикадағы негізгі білімнің орнын толтыруға көмектеседі. Бағдарламада 8-10-кластағы тақырыптар бар. Оны алгебра бойынша негізгі білімі бар оқушылар оқи алады. 

«Тригонометрия» курсы жақында 5Q.kz платформасына шығады.

Математиканы білу не себепті маңызды?

Математиканы білсең, деректер, бағдарламалау, физика, химия, биология сияқты ғылымдарды меңгеру жеңілірек болады. Өйткені математика – көп ғылымның негізі. Нақты ғылымдарда жалпы математика ережелері мен логика қолданылады. Өкінішке қарай, математиканы барлық жерде бірдей жақсы үйрете бермейді. Көбіне оны формула мен есептің, теңдеудің шешу жолдары принциптерін жаттауға айналыдырып жібереді.

Оған қоса, көптеген мектепте білім деңгейі сабақ санының аз болатынына байланысты нашар. Аптасына екі рет алгебра, бір рет геометрия болады. Геометрияның бір сағатында ең жеңіл деңгейдегі бірнеше есеп шығарып қана үлегерсің.

Оқушы негізді біліп тұрып, оған ынта ғана жетіспесе, мұғалім материалды дұрыс үйретіп оқушының қызығушылығын тудыра алады. Оқуға әзіл-қалжың қосып отыруға болады. Баланың мүлдем ынтасы болмаса, бұрын математиканы білмесе, әуелі пән бойынша оқымаған тұстарын өту керек.