ГлавнаяБлог

5Q-де креатор деген кім? Қалай креатор атануға болады?

Білім беру контентін жасағың келе ме? Онда бізге кел! Біз онлайн курстарды жариялауға және тиімді монетизация жасауға көмектесеміз. Ал сенен қажеті – дайын курс пен банк шотының нөмірі ғана.

5Q.kz – еліміздегі алғашқы білім беру платформасының бірі. Біз тәуелсіз креторлар жасаған 6 жаңа онлайн курсын дайындап қойдық, олардың санын арттырғымыз келеді! Біз сұранысы көп дағдыға, мамандыққа және мектеп пәніне мән береміз. Әзірше курс жазбасаң, оны жазудың, кем дегенде, үш себебін көрсетейік.

Қосымша кіріс

Креатор – дижитал контент жасайтын адам әрі кәсіпкер. Біліміңді сатып ақша табу үшін блогер болу міндет емес. Материалды видеокурс ретінде дайындап, оны біздің платформамызда жарияласаң болғаны. Жай ғана канал ашып, оған жеке кабинетің арқылы сабақтарды салсаң, курс платформаға шыға келеді. Курстың төлемі мен автор құқығы сияқты жұмыстарды біз атқарамыз.

Жеке брендті дамыту

Сен туралы және сенің жұмысың туралы сөз ауыздан ауызға таралып жататыны жақсы, әрине. Дегенмен желіде танымал болу одан да артық. Маман интернетте эксперт ретінде танылған сайын оған келетін жаңа клиенттер саны артады. Демек авторлық курсың қосымша жарнама болып қана қоймай, беделіңді арттырады.

Басқаларға пайда тигізу

Интернеттен бәрін табуға болады деп айтып жатады. Дегенмен жүйелі білім табу сол баяғыдай қиын. Оларды бөліссең, әйтеуір бір адамға уақыт үнемдеуге жәрдем етесің, оған дағды үйренуге көмектесесің. Ал ең бастысы сол, онлайн білім алғысы келетіндер саны күн санап артып келеді.

Біз креаторларға не ұсына аламыз?

Қазақстанда креатор болу дегеніміз – жылдам өсіп келе жатқан жаңа индустрияның өкілі болу деген сөз. Креатор болу бір қарағанда қиын көрінгенімен, бәрі оңай, ал нәтижесі көп күттірмейді. Бізбен бірге пайдалы контент жасап, жаңа тәжірибе мен пассив табыс тауып отырасың. 5Q.kz-те кретор болу үшін Қазақстан азаматы болсаң, курсыңа сай келетін дипломың болса және еліміздің кез келген банкінде IBAN-шотын ашсаң болғаны.

Басты фото: Storyset/Freeepik